Қазақстандық студент араб тілі қосымшасын әзірледі

Қазақстандық студент араб тілі қосымшасын әзірледі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан студенті араб тілін екі сағат ішінде үйрететін ерекше мобильді қосымша әзірледі.

Joode деп аталатын қосымша – қолданушы 9 интерактивті сабақты өту арқылы араб әліпбиіндегі 28 әріптің барлығының аталу, оқылу және жазылу ерекшеліктерін үйрене алады.

Жоба авторы Нұрсұлтан Асқарбекұлының айтуынша, араб алфавитін толық үйреніп алу үшін орта есеппен екі сағат жеткілікті екенін айтады.

Нұрсұлтанның өзі Эдинбург университетінің түлегі, жақын уақытта әрбір интерактивті сабақты өз дауысымен сүйемелдеуді жоспарлайды.

Ал жас өнертапқыштың ендігі мақсаты – Құран оқуды үйрететін қосымша жасау.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: