Жаратушыны тануға әрекет етіп жүрміз бе? (ВИДЕО)

Жаратушыны тануға әрекет етіп жүрміз бе? (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаратылыстың түп мәні – Алла Тағаланы танып, Оның шексіз құдіретін баян еткен барша ақиқи ілімдердің тізгінін ұстау. Шынайы мұсылман Хақ Тағаланың Өзін танытатын Кітабын – Құран Кәрімді оқи отырып, Жаратушының бұл әлемдегі мінсіз тәртібіне көз жіберіп, таңғажайып заңдылықтарын тереңірек зерттеуді, зерделеуді өзіне парыз санайды. Бұл керемет жүйенің астарына үңіліп, тылсым сырына қанығып, тұңғиығына терең бойлаған сайын  құдіреті шексіз ұлы күшке ие бір Жаратушының барына ден қояды.

Жаратылыстағы жанды-жансызға ғибрат көзімен қарап, тұңғиық аспан әлеміндегі бұлжымас тәртіпке тәнті болады. Жер ша­рынан тыс, айшылық алыс жатқан алып денелерге көз салса да, тіпті жаратылыстағы кішкентай бір бөлшекке үңілсе де, бәрінің бір ғана Жаратушының қолынан таспадай тілініп, қамшыдай өріліп шыққандығына көз жеткізіп, еріксіз таңдай қағады… Әлемдегі жұмбақ сырлар ашылған сайын оның таңданысы саналы ғибадатқа ұласып, Ұлы Жаратушыны танып-білуге де­ген құлшынысы артқан үстіне арта түспек.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: