Қазақстандағы ең көрікті мешіт анықталды. (ФОТО)

Қазақстандағы ең көрікті мешіт анықталды. (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі әрбір мешітке, мешіт жұмысына, ондағы қызметкерлерге ерекше көңіл бөліп отырғандығы мәлім.

Осыған орай ҚМДБ биылғы жылы «Көрікті мешіт 2016» атты тазалық бәйгесін ұйымдастырды.

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат - аудан орталықтары мен ауылдардағы мешіттердің деңгейін көтеріп, көрікіндегі сән-салтанатымен қоса, ауласының таза, ретті, көгалды болуы сынды көрсеткіштері бойынша бағалап, әр облыстағы мешіт имамдарының бір-бірінен үлгі-тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру.

Территория мечети

Бәйге 2 деңгейде өтті. Атап айтқанда, І деңгей - қала, аудан мешіттері деңгейінде өтсе, ІІ деңгей ауыл мешіттері арасында ұйымдастырылды. Шара аясында еліміздегі әр өңір 2 деңгейдегі мешіттер арасынан, 1, 2, 3-ші орын алған мешіттерді анықтаған болатын.

Мечеть

"Нұғман" мешіті.

ҚМДБ өз кезегінде арнайы құрылған комиссияның шешімімен өңірлерден келген мешіттердің ішінен республикалық 1, 2, 3 орындарды анықтады.

Нәтижесінде, аудандық, қалалық деңгей бойынша бірінші орынды Мақтарал ауданы, Жетісай қаласындағы орталық «Нұғман» мешіті алса, ауылдық деңгей бойынша Қазығұрт ауданындағы Үшбұлақ ауылдық мешіті үшінші орынға лайықты деп табылды.

«Көрікті мешіт 2016» байқауының жеңімпаз имамдарына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан үлкен қажылық тарту етіледі.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: