Сауд Арабиясында ерлер азайып барады

Сауд Арабиясында ерлер азайып барады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясында ер азаматтар саны күрт төмендеп кеткен. Ел билігінің хабарлауынша, елдегі ерлер көрсеткіші әйелдерден 20 есеге аз.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, корольдікте 15 жастан жоғары әйел азаматтардың жалпы саны 2 миллион болса, бойдақ ерлер саны бар-жоғы 100 мыңның шамасында.

Әлеуметтанушылар елде тұрмыс құрмаған әйелдер саны жыл санап көбейіп келе жатқанын атап айтты. Бұл әйелдердің алғашқы кезекке мансапты қойып, қызмет қуып кету жағдайлары себеп болатын көрінеді.

Сонымен қатар, Сауд Арабиясында соңғы айларда ажырасу фактілері де айтарлықтай көбейген. Ажырасудың көпшілігі қызметтік биік сатыларға жеткен әйелдердің мансаптық дәрежеде өзінен кейін қалған күйеулерімен татуласуға, ымыраласуға келмеуінен де болады екен. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: