#Шу: Шәкірттер арасында салауат сайысы өтті

#Шу: Шәкірттер арасында салауат сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласы "Кәрібай молда" мешітінің ұстазы Ғалия Байториеваның ұйымдастыруымен бүлдіршін шәкірттер арасында Пайғамбарымызға(с.а.у) салауат айту жарысы болды.

Пайғамбарға салауат айту қасиетті Құран Кәрім кітабында бұйырылған. "Ахзаб" сүресінің 56- аятында "Расында Алла және Оның періштелері пайғамбарға салауат айтады. Уа, иман келтірген мүміндер! Сендер де оған салауат айтып, толық мойынсұнушылықпен салауат, сәлем жолдаңдар!" - делінген. 

Салауат сайысының нәтижесіне сай, 1 орынды Нияз Азизұлы 56816 салауат айтып иеленді. Ал 2 орынды Зейнетай   Серікжанқызы  45519 салауат айтып жеңіп алды. Шәкірттерге алғыс хаттары мен марапат сыйлықтары табысталды. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: