#Т.РЫСҚҰЛОВ: ӘБЖАПАР АУЫЛЫНДА ТАСАТТЫҚ БЕРІЛДІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: ӘБЖАПАР АУЫЛЫНДА ТАСАТТЫҚ БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжапар ауылдық «Әбдіжаппар» мешітінің имамы Ғалымжан Аятұлы ауыл тұрғындарымен тасаттық берді. Тасаттыққа арнайы 1 қой құрбандыққа шалынып, дастарқан жайылып құдайы ас берілді.

Ауыл имамы құран аяттарын оқып, Аллаға дұға қылып, биылғы жылды берекелі, құтты, жауын-шашынды болуын тіледі. Артынан жамағатпен истисқа намазы оқылып, уағыз – насихат жасалды. Тасаттыққа 40-50 ге жуық адам қатысып, қол жайып Аллаға мұқтаждықтарын білдіріп, мінәжат қылды.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: