#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ТАЙҚАЗАН» ЖОБАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ТАЙҚАЗАН» ЖОБАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылдық мешітінің имамы Батыр Нұрпейсовтің ұйымдастыруымен «Тайқазан» қайырымдылық жобасы іске асырылды. Жоба аясында 850 мың қаражатпен 47 мұқтаж отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Адамның жақсысы өзгелерге көбірек пайда тигізгені. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Адамдардың жақсысы (өзге) адамдар үшін көбірек пайда тигізгендері», – деген (имам Табарани). Халқымыз: «Өзін ғана ойлаған – жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған – адамдықтың белгісі», – деп, өзгелерді ойлап, оларға пайдалы іс жасаудың маңызын айтқан. Осы ізгі іске, қайырымдылыққа үлес қосқан барша ауыл тұрғындарына Батыр имам өз ризалығын білдіріп, Алланың разылығын тіледі.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: