Жаңа діни білім беру орталығының құрылысымен танысты

Жаңа діни білім беру орталығының құрылысымен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданына арнайы сапармен барған мамандар Ауқатты ауылындағы жаңа діни білім беру орталығы құрылысымен танысты.

ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Тілегенұлы, PhD доктор, Нұр-Мүбарак ЕИМУ Исламтану кафедрасының аға оқытушысы Асқар Болатбекұлы, ҚР МАМ Дін істері комитетінің дінтану сараптама басқармасының басшысы Нұрғали Бердіқұлұлы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Жамбыл облысы Дін істері басқармасының басшысы Сәкен Сәрсенбайұлы, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Карабаев бой көтеріп жатқан ғимаратты аралап шықты. 

Қордай ауданының бас имамы Әлімұхаммед Егізбаев ғимарат туралы толық ақпарат беріп, нысанның мақсаты мен көлемі туралы тілге тиек етті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: