#Т.РЫСҚҰЛОВ: АУЫЛ МЕШІТТЕРІ СЕНБІЛІК ЖАСАДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: АУЫЛ МЕШІТТЕРІ СЕНБІЛІК ЖАСАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты ауылдық мешіттердің имам-молдалары сенбілік ұйымдастырды. Халықаралық «Жер-Ана» күніне орай мешіт аулаларына тазалық жұмыстары жасалды. Сенбілікке ауылдық мешіттердің жамағаты мен ауыл тұрғындары ат салысты. Кейбір ауылдарда қоғамдық жұмысшылар да өз көмектерін беруде аянып қалмады.

         Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала – жомарт, жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла Тағала – таза, тазаланғандарды жақсы көреді. Сондықтан, үйлеріңіздің маңайын таза ұстаңыздар» – деп біздерге Алла Тағаланың жақсы көретін құлдарының қатарынан көрінгіміз келсе қоршаған ортамыздың тазалығына мән беруіміз керек екенін білдіреді.

         Сонымен қатар, біздерді Алланың қарғысына ұшырап қалмауға шақырып: «Абайлаңыздар, қарғыс атқандардың қатарынан болып қалмаңыздар. Олар – ел жүретін жолға, ел көлеңкелейтін ағаштың түбіне, өзен, көлдің жағасына дәрет сындырып ластайтындар», - дейді.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: