ҚАРИЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰСТАЗДАРМЕН СҰҚБАТ ЖАСАЛДЫ

ҚАРИЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰСТАЗДАРМЕН СҰҚБАТ ЖАСАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Масаншы ауылында орналасқан Қордай Құран қарилары орталығына арнайы іс-сапармен келген мамандар медресе ұстаздарымен жеке кездесті.

Орталыққа келген комиссия құрамында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Тілегенұлы, PhD доктор, Нұр-Мүбарак ЕИМУ Исламтану кафедрасының аға оқытушысы Асқар Болатбекұлы, ҚР МАМ Дін істері комитетінің дінтану сараптама басқармасының басшысы Нұрғали Бердіқұлұлы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Жамбыл облысы Дін істері басқармасының басшысы Сәкен Сәрсенбайұлы, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Карабаев болды.

Білім ордасының ұстаздарымен, тәрбиешілерімен және шәкірттерімен жеке-жеке сұқбат өткізіп, оқу орнының тарихы, мақсат-міндеті, оқу бағдарламасы, білім беру жүйесі жайлы сөз қозғады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: