#Рысқұлов: Зекет таратылды

#Рысқұлов: Зекет таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылдық «Қожай баба» мешітінің имамы Аубакиров Жанболаттың ұйытқы болуымен ауылдың кәсіпкер азаматы малының зекетін шығарып таратты. Ауыл имамы зекетті ақшалай 6 мұқтаж отбасына теңдей бөліп берді.

Зекет – діннің белгілеген мөлшері бойынша бай, ауқатты болып саналатын мұсылмандардың әр жылы дүние-мүлкі мен ақшасының 40/1 (қырықтан бірін) кедей мұсылмандарға беруі. Зекет Құран Кәрімде намазбен бірге отыз жеті жерде кездеседі. Зекетке осыншалықты көп тоқталуы – оның Ислам дінінде үлкен мәнге ие екенін білдіреді.

Зекет – жүректі сараңдықтан, дүние-мүлікті рухани кірден тазартатын, бай, ауқатты адамдардың шапағат, мейірім сезімдерін оятатын ғибадат. Зекеттің аясында кедейлердің көкейлеріндегі көре алмаушылық және қызғаныш сезімі жойылады. Өздеріне жәрдем ететін ауқатты адамдарға деген сүйіспеншілік және құрмет сезімдері пайда бола отырып, халық арасында бірлік, бауырмалдық сезімдер үстемдік етеді.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: