#Байзақ: АЙМАҚ ЖЕТЕКШІЛЕРІ БОС ҚОСТЫ

#Байзақ: АЙМАҚ ЖЕТЕКШІЛЕРІ БОС ҚОСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде аймақ жетекшілері бас қосты. Бас қосуға Байзақ ауданына қарасты 5 аймақта орналасқан мешіттерге жауапты имамдар және аудан бас имамы Қанат Әділханұлы мен мешіт ұжымы қатысты.

Жиында күн тәртібінде тұрған бірқатар мәселелер қамтылды. Атап айтқанда, облыстық орталық мешіттен келген хаттарға уақтылы жауап беру, муфтият бекіткен бес бағыт бойынша атқарылатын іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы, сауат ашу курстарын жандандыру және «Хибатулла Тарази» медресе колледжіне шәкірт даярлау сынды мәселелер қозғалып өтілді.

 Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы: «Құрметті аймақ имамдары! Аллаға шүкір, Рамазан айын аман-есен өткіздік. Ендігі кезекте барлығымыз тура Рамазан айындағыдай қызметімізде белсенді зияткер имам бола білуіміз керек. Сіздерді бес аймаққа бөлудегі мақсатымыз ауданымызға қарасты мешіттердің қызметін жандандыру болып табылады. Міне соның нәтижелерін сіздер осы айда көрсете білдіңіздер. Қарамағыңыздағы әрбір мешітті зерделеп, өздеріңізге қарасты діни қызметкерлердің жағдайымен таныс болдыңыздар. Әрі мешіт жамағаттарының бірге араласуына серпіліс бердіңіздер. Сонымен қатар, айлық дастархан ұйымдастыру арқылы жамағатқа ауызбіршілікті насихаттап, ізгі қоғам жастары қандай болуы керектігін тәжірбиемен көрсетіңіздер», - деді.

 Бас қосу соныңда аудан бас имамы нақты тапсырмалар беріп, аймақ басшыларының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: