#Байзақ: АЙМАҚ ЖЕТЕКШІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

#Байзақ: АЙМАҚ ЖЕТЕКШІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы аймақ жетекшілерінің қызметін жоғары бағалап, бірінші аймақ жетекшісі Рахымбек Кенжебайұлына, екінші аймақ жетекшісі Қанат Тұмарбекұлына, үшінші аймақ жетекшісі Ғали Олжабайұлына, төртінші аймақ жетекшісі Айбек Амангелдіұлына және бесінші аймақ жетекшісі Бауыржан Жұмабайұлына алғыс хат пен қаржылай сыйақы табыстады.

Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы: «Құрметті аймақ басшылары сіздер Алланың разылығы үшін қызмет етіп келесіздер. Сіздердің ауданымыздың руханиятына сіңірген еңбектеріңіз әр дайым жоғары екендігіне сеніміміз мол. Сондықтан бүгін сіздерді марапттап, өзімнің және ұжымымның атынан құрметімізді көрсетуді ұйғардым. Халық алдында жасалған істеріңізге Алла берекетін берсін. Алдағы уақытта жақсы нәтиже көрсеткен аймақтарыңызға қарасты ауыл имам-молдаларына да марапат беру жоспарымызда бар», - деді.

Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: