#Шу: "Кәрібай молда" мешітіне жаңа имам тағайындалды

#Шу: "Кәрібай молда" мешітіне жаңа имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласы "Кәрібай молда" мешітіне жаңа имам тағайындалды. Аталған мешітке имамды тағайындау үшін Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев арнайы барып, жамағат алдында Бас мүфтидің бұйрығын оқыды.

Аталған мешітке Шу ауданында 30 жыл қызмет еткен, 10 жылдан астам уақыт бойы Шу ауданының бас имамы қызметін атқарған Аят Алмаханов  имам болды. 

Бас имам өңірге танымал, білікті маманды таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Жамағат Аят имамды қуана қарсы алып, ақсақалдар батасын беріп қарсы алды. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: