#Шу: Үйі өртенген азаматқа 6 қой зекет берілді

#Шу: Үйі өртенген азаматқа 6 қой зекет берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өзара бауырмалдық пен жанашырлыққа, адамгершілік пен гуманизмге негізделген салауатты қоғам құруды мақсат ететін Ислам дінінде әр мұсылманға бес парыздың жүктелетіні белгілі. Зекет беру парыз болғандықтан, Абай атамыз да өзінің өлеңінде «Руза, намаз, зекет, хаж - талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс...» деп келтіреді. Абай хәкімнің түсінуінше, жақсы мұсылман болу бес парызды бір-бірінен бөле-жармай тегіс ұстанумен байланысты.

Осындай игілік Жаңажол ауылы "Күнту баба" мешітінің имамы Берік Әуесбаевтың ұйымдастыруымен жасалды. Дәулетті азаматтардың мешітке табыстаған зекетін имам тиісті мұқтаж отбасыға жеткізді.

Айта кетейік, 6 қой зекет үйі түгелдей өртеніп кеткен азаматқа берілді.  Отбасы қуанып, көңілдерін аулай келген имам мен жомарт жандарға батасын берді. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: