#БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫНЫҢ ҚЫЗ ШӘКІРТТЕРІ ҚҰРАНҒА ТҮСТІ

#БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫНЫҢ ҚЫЗ ШӘКІРТТЕРІ ҚҰРАНҒА ТҮСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің ұстазы Кушербаева Жанаттың жетекшілігімен әйел қыздарға сауат ашу курсы басталған болатын.

Сауат ашу курсы өз нәтижесін беріп он бес қыз – келіншек құранға түсті.

Арнайы Кушербаева Жанат ұстаздың ұйымдастыруымен рухани кеш өтті.

 Кеш барысында Кушербаева Жанат: «Бүгін сіздер Құранға түсіп ерекше сезімді бастан кешудесіздер. Бұл Құран адам баласына тура жолды көрсететін үлкен ілім. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде «Құран оқыңыздар. Себебі Құран өзін оқушыларға қиямет күні шапағатшы болады», - деп айтқан.

Шара барысында Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізіліп, Құран кітап сыйға берілді.

Шара соныңда шәкірттер Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар айтып тарқасты.

Аудандық «Байзақ баба» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: