БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ОНЛАЙН СҰҚБАТ БЕРДІ

БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ОНЛАЙН СҰҚБАТ БЕРДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Танымал блогер Арман Байжігіт Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлынан сұқбат алды. Сұқбат «Рамазан айының маңызы және ораза ұстаудың хикметі» тақырыбында сұрақ-жауап форматында өрбіді.

Қанат Әділханұлы: «Алла Тағала қасиетті Құранда «Уа, мүміндер! Өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім сол  арқылы күнә атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетерсіңдер», - деп, бізді тақуалыққа тәрбилейтін ай екендігін айтып жатыр. Пайғамбарымыз (Алланың игілігімен сәлемі болсын) хадисінде «Рамазан айының алғашқы түні болғанда шайтандар кісенделеді. Тозақтың қақпалары жабылады. Жұмақтың қақпалары айқара ашылады. Бір жаршы: «Ей, жақсылық қалаушы, баста! Ей, жамандық қалаушы, таста! Алланың тозақтан азат ететін құлдары бар!» – деп жар салады. Әрбір түні осылай айтылады»,- деп сізбен бізді сүйіншілеп кеткен- - деп атап өтті.

Байзақ ауданының баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: