#Тараз: Салт-дәстүр – ұлттың айнасы

#Тараз: Салт-дәстүр – ұлттың айнасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Кеңесхан қажы" мешітінде ұстаз Зейнеп Үсенованың ұйымдастыруымен "Дін мен дәстүр" аясында, дәстүрді дәріптеу мақсатында арнайы сабақ өткізілді. 

"Діннің төңірегінде жүрміз. Дегенмен дәстүрімізді ұмытпауымыз керек. Өйткені әрбір ұлттың дәстүрі болады, сол арқылы мәдинеті қалыптасады. Дәстүрі жоқ - ұлт жоқ. Әр ұлттық дәстүрі бар" - дейді ұлағатты ұстаз. 

Жиында күнделікті қолданыстағы сөздердің дұрыс-бұрыстығы, қай жерде қалай қолданылу қажеттігі де көтерілді. Мәселен, "кемпір-шал", "қариялы қарт", "абызы бар ел" деген сөздердің төркіні жіліктеліп жеткізілді. ""Шал" деп ешкімге сөзі өтпейтін, құр жүрген, қубас қартты айтады. Ал пірі жоқ яғни ері жоқ апаны "кемпір" дейді" - деп мысал келтіре, қоғамдық түйіткілдер талқыланды. Дінімізбен ұштасқан дәстүрдің маңызы мен оны ұмыт етпеуіміз насихатталды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: