#Тараз: Көркем әдеп турасында насихат жүргізілді

#Тараз: Көркем әдеп турасында насихат жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Қарабай ата» мешітінде жамағатқа көркем әдеп турасында үгіт-насихат жүргізілді. Қазақ халқында сақталған әдептілік дәрістерінен нағыз мұсылман ұстанымының көрінісін көреміз. Солардың бірі - дастарқан әдебі туралы айтылды.

Халық санасында  дастарқан мен асты ерекше қастерлеп, қадірлейді. Халық санасында сақталған сол әдептерді хадис-шәрифтермен ұштастыра білген. Дастарқанға отырғанда Алланың атын ауызға алып, тамақты табақтың жақын жерінен оң қолмен алып жеу ата-бабадан келе жатқан дәстүрлі әдеп.

Бұл Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өсиеттерінен алынған өнегелер. Омар ибн Әбу Сәләмә (р.а.) былай дейді: «Маған Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, бала! Алланың атын атап, оң қолыңмен же. Өзіңе жақын жерден же», – деп айтты». Асты ала бастағанда Алланың есімін айтуды ұмытып, кейіннен есіне түсірсе, «алдында да, аяғында да Бисмилла» десе болады.

"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: