#Шу: "Ізгі қоғам" тақырыбында насихат айтылды

#Шу: "Ізгі қоғам" тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Ж.Жексенбай" мешітінде жұма күні "Ізгі қоғам" тақырыбында насихат жүргізіліп, үлкенге құрмет, кішіге ізет турасында сүбелі әңгіме құралды. Үлкендер пікір айтысып, кішілер мақұлдасты. 

"Ізгілік – асыл дінімізде ауқымы кең ұғым. Адам мен қоғамның игілігіне септігі тиетін әрбір жақсылық – ізгілік деп бағаланады. Кісінің ең жақсысы адамдарға (қоғамға) пайдасы тигені деген мағынадағы хадис соны меңзесе керек. Әлемге екінші ұстаз атымен танылған әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындары» атты трактатында ізгі (қайырымды) қоғам іргетасы мен алғышарттары жайлы ой қозғайды. Талай ойшылдарға бұл мәселеде жол ашқан даңқты ғұлама бабамыз аталмыш шығармасының бисмилләсын Аллаға иман мәселесінен бастайды. Сонымен қатар, қала (мемлекет) басшысы бойынан табылуы қажет он екі қасиет хақында сөз етеді" - деп атап өтті мешіт имамы. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: