#Шу мешіттерінде тарауық намазы оқылды

#Шу мешіттерінде тарауық намазы оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу өңіріне қарасты барлық мешіттерде рамазан айының құрметіне 20 ракаттан тұратын тарауық намазы оқылуда. Ауданның үлкен мешіттерінде құран хатым етілуде.

Биылғы жылдың алғашы тарауық намазында мешіт имамдары насихат айтып, тарауықтың сауабы, ораза, рамазан айы жайлы насихатпен жамағаттың ықыласын арттырды. 

“Алла қаншалықты ұлық, Рамазан айы қаншалықты қасиетті болса да, мына 4 түрлі адамның тілегі, ниеті қабыл болмайды. Біріншісі ішімдік ішетіндер, екіншісі ата-анасымен байланысын үзгендер, үшіншісі – туысқандарымен байланысты үзгендер, төртінші – біреуге кек сақтап, өш алғысы келетіндер. Бұл адамдардың тілеген тілегі орындалмайды, күнәлары кешірілмейді. Сондықтан да ағайындарыңмен араздасып, араласпай кеткендер болса, кешірім сұраңдар, кешірімді болыңдар. Рамазан айын жақсы іспен бастаңдар”, - деп атап өтті. 

Айта кетейік, мешіттерде тарауық намазынан бұрын ауызашарлар беріліп, шам намазынан бастап жамағат жиналуда.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: