#Рысқұлов: «Ихсан - рухани тәрбие негізі» атты дәріс жүргізілді

#Рысқұлов: «Ихсан - рухани тәрбие негізі» атты дәріс жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық «Қорағаты» мешітінің имамы Байғожаев Нұрдәулет «Ихсан - рухани тәрбие негізі» тақырыбында мектеп оқушыларына семинар өтті.

Ауыл имамы семинарда: «Ихсанның маңыздылығы адамдардың қиямет күніндегі барлық әрекеттері олардың ниеттеріне қарай бағаланатындығымен түсіндіріледі. Демек, өмірді нақты іс-әрекеттен гөрі бағалауда ниет басым болады. Бұның расталуын Бухари мен Муслим келтірген хадистен таба аламыз: «Жақсылық жасауды ұйғарып, бірақ жоспарын орындай алмайтын адамға, Хақ Тағала бүкіл бір жақсылықтың орындалғанын жазады». Басқаша айтқанда, сауап адам үшін ізгі іс туралы шешім қабылдаған сәтте жазыла бастайды. Ақыр соңында, жоспарды орындау әрдайым мүмкін емес, ал армандар ұзақ уақыт бойы солай болып қала береді. Алланың құлы жақсы ниетке ие бола отырып, өзіне сауап табады»,- деп кеңінен тоқталды.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: