Наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы "Әжелер алқасымен" дидарласты

Наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы "Әжелер алқасымен" дидарласты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін қасиетті Рамазан айының бірінші күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Наиб мүфтиі Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Тараз шаһарына арнайы іс-сапармен келді.

Алматыдан ат терлетіп келген наиб мүфти сапарын облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің жанынан құрылған "Әжелер алқасымен" кездесуден бастады. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы алқа мүшелерімен таныстырып, "Дін мен дәстүр" мұражайын көрсетті. Әжелердің дінге сіңіріп жатқан еңбегін тілге тиек етіп, алғысын жеткізді.

Наиб мүфти ақ жаулықты әжелер мен мешіт ұстаздарын Рамазан айымен құттықтап, қызметтеріне береке тілеп, бата берді. 

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: