Рамазан қарсаңында Құранды толықтай жаттап қари атанды

Рамазан қарсаңында Құранды толықтай жаттап қари атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін исі мұсылман асыға күткен Рамазан айы келіп, тарауық намазы басталды. Осынау қасиетті күнге тұспа-тұс келіп, "Һибатулла Тарази" мешіті жанынан ашылған "Қарилар" курсының шәкірті Алланың кәләмі Құран Кәрімді толықтай жаттап бітті. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы құптан намазы уақытында жас қариды таныстырып, сертификат табыстады. 

Қари атанған Маханбеталиев Амирхан Досмырзаұлы 2019-2023 жылдар аралығында Құранды толықтай жаттап шықты. Талапты жастың әкесіне және ұстазына бас имам алғыс айтып, қарилардың қатары көбейе берсін деп жылы лебізін білдірді. Ақсақалдар батасын беріп, жас қариға Алланың разылығын тіледі.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: