Алғашқы тарауық намазы оқылды

Алғашқы тарауық намазы оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ел-жұрт сағына күткен ораза айы сауаптардың сарқылмас теңізі. Аталған қасиетті Рамазан айының құрметіне Тараз шаһарының мешіттерінде күнделікті 20 рәкаттан тұратын тарауық намазы басталады. Осы айдың кіруімен облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде бүгін биылғы алғашқы тарауық намазы оқылды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев "тарауық" намазы жайлы тілге тиек етіп, Рамазан айының қасиетін сөз етті. Халықты айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жиналған жамағат мешітке лық толды. Бас имам құптан намазынан соң көпшілікте тарауық намазында Құран хатымын түсіретін қариларды таныстырып өтті.

Алла қасиетті айдың сауабынан құр қалмай берекелі, ықыласты өткізуді нәсіп етсін. Алла қасиетті Рамазан айын барша жамағатқа сауапты, әрі берекелі қылғай. 

Айта кетейік, облыстық мешіттегі тарауық намазын Әлімұхаммед Егізбаев пен Бірлік Амангелді есімді қарилар жүргізуде. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: