#Меркі ауданы: Қасиетті Рамазан айында арақ-шарап сатылмайтын болды

#Меркі ауданы: Қасиетті Рамазан айында арақ-шарап сатылмайтын болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы «Әл-Кәрим» мешітінің жамағаты мен ауыл тұрғындары игі бастама көтерді. Олар қасиетті Рамазан айында ешбір дүкенде арақ-шарап сатпау туралы ұсыныс білдірді.

Осыған орай, ауыл ағалары мен азаматтары Ислам діні арақты ішуге де, сатуға да, сатып алуға да, жасап шығаруға да, ешбіріне оң көзбен қарамайтынын, арақ-шараптың отбасыны ойрандап, қоғамның тыныштығын бұзып, қаншама жастардың болашағына балта шауып, үлкен қылмыстарға жол ашып жатқаны секілді зардаптарын баяндап, осыған себеп болудың жақсы нәрсе емес екенін түсіндірді.

Арақ сатудан бас тартып, адал өніммен ғана кәсіп қылар болса, Алла Тағала мұндай істің берекесін арттырарына күмән жоқ екенін баса айтты. Кімде-кім жақсы үлгі көрсетсе, оған сол ісінің сауабы және соны үлгі тұтып, соңынан ергендердің де сауабы берілетініне назар аудартып, алда келе жатқан Рамазан айында дүкендерде арақ сатуды тоқтатып, халыққа жақсы үлгі көрсетуге шақырды.

Дүкен иелері бұл ұсынысты бірауыздан құп көріп, қасиетті айда Алла арам еткен, ата-бабамыз атын да, затын да білмеген осы бір қасіретті дүниені дүкен сөрелерінен алып тастауға уағдаласып, тіпті дүкендерінде ондай өнім мүлдем сатылмайтынын жеткізді.

Ауыл имамы игі іске бастамашы болған ауыл ағалары мен азаматтарына және осы ұсынысты қабыл еткен дүкен иелеріне алғыс білдірді. Алла Тағала ризық несібелеріне, кәсіптеріне адалдық пен береке, қызметтерінде абырой, бедел берсін.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: