#Тараз мешіттерінде Құран оқу курстары жұмыс жасайды

#Тараз мешіттерінде Құран оқу курстары жұмыс жасайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тараз қаласының мешіттерінде жамағатқа Құран үйрету курсы өтіп жатыр. Кез келген жастағы жамағатқа қаламыздың мешіттерінде сабақ үйретуге дайын, білікті мамандар бар. Құран аса дана һәм шексіз рақым иесі Хақ тағала тарапынан түсірілген адамзатты шынайы бақытқа жетелейтін, қияметке дейін бірде – бір әрібі өзгермейтін мәңгілік мұғжиза.

Құран – Жаратқанның тура жолы әрі хаққа бастар нұр. Ол – соңғы пайғамбарлықтың құжаты, ханиф (тура) діннің тілі әрі Ислам шариғатының ата заңы. Абдуллаһ ибн Масғуд айтады «Кімде – кім Құранды сүйсе (жақсы көрсе), Алла пен елшісі де ол адамды сүйеді. Кімде – кім Алла пен елшісінің сүйіктісі болуды қаласа, онда өзінің Құранды қаншалықты сүйгендігіне қарасын».

 "Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: