#ТАРАЗ ҚАЛАСЫ: «СҮЙІКТІ ПАЙҒАМБАРЫМ» АТТЫ САЙЫС ӨТТІ

#ТАРАЗ ҚАЛАСЫ: «СҮЙІКТІ ПАЙҒАМБАРЫМ» АТТЫ САЙЫС ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласына қарасты «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің имамы Ембергенов Амангелді Назарбайұлының ұйымдастыруымен «Сүйікті пайғамбарым» атты білім сайысы өтті. Жарыс Тараз қаласының медресе бітірмеген, Нұр-Мұбарак университетін оқымаған тұрғындарына арнап ұйымдастырылды. Іс-шара қасиетті Құран Кәрімнің Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатысты аяттарын оқумен басталды. Өз кезегінде имам Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілік жайлы уағыз айтты.

   «Сайыс өткізудегі мақсат – жамағат арасында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты ғұмырын кеңінен насихаттау», – деді Ар-Рахман Ар-Рахим мешітінің имамы Амангелді Ембергенов.

   Аталмыш сайысқа қатысушыларға дайындалып алу үшін екі айға жуық уақыт берілді. Олар осы уақыт ішінде «Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбар өмірбаяны» атты кітапты толық оқып бітірді.

   Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі брінші, екінші және үшінші орындарды «Әзірет Әли» мешітінің үш бірдей жамағаты иеленеді. Атап айтқанда, Шалтаев Тамерлан бірінші орынды жеңіп алып, қаржылай 150,000 теңгеге ие болды. Оңғарбаев Алмат екінші орынды иеленіп, 100,000 теңге сыйақыға қол жеткізді. Тайманов Тұрсынмұрат үшінші орынға лайық деп танылып, 50,000 теңге қаржы табыс етілді. Сайысты ұйымдастыруға 350,000 теңге жұмсалды.

«Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: