#Байзақ: «ҚҰРАН – МӘҢГІ МҰҒЖИЗА» АТТЫ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

#Байзақ: «ҚҰРАН – МӘҢГІ МҰҒЖИЗА» АТТЫ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде мешіт ұстазы Кушербаева Жанат ұстаздың ұйымдастыруымен сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттер арасында «Құран – мәңгі мұғжиза», атты аудандық Құран жарысы өтті.

Жарысқа Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы қатысып, жарыскерлер алдында: «Құран ол бізге Алла тарапынан берілген үлкен сый, әрбір оқылған әрпіне сауап жазылатын үлкен кітап. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде «Құранды оқыңыздар. Себебі, Құран өзін оқушыларға қиямет күні шапағат етеді». Әрі бұл Құран адам баласына тура жолды көрсетіп, жаманшылықтан тыяды», - деді.      

Құран жарысына төрелік жасау үшін, Жамбыл облысының әйел-қыздар секторының меңгерушісі Иманалиева Жазира, «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Жібек Болатбекқызы арнайы шақыртумен келді. 

Жарысқа 23 шәкірт қатысып білімдерін көрсетті. Жарыс жарты парадан және он сүреден өтті.

Жарты парадан орын алған шәкірттер:

І орын - Көлбаева Қуралай

ІІ орын - Матай Хадиша

ІІІ орын - Сағынтай Адиля

10  сүреден орын алған шәкірттер:

І орын - Абдусаит Каусар

ІІ орын - Муса Айша

ІІІ орын - Досмухаммедқызы Басбибі

Жарысқа қатысып орын алғандарға диплом және бағалы сыйлықтар берілді. Қалған қатысушыларға алғыс хат пен ыңталандыру сыйлықтары табысталды.

Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: