#Т.Рысқұлов: Әке – асқар тау

#Т.Рысқұлов: Әке – асқар тау

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылдық орта мектебінде Ізгі қоғам бағытының аясында «Әке – асқар тау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстелге «Ақыртөбе» мешітінің имамы арнайы қатысып, өз баяндамасын жасады. Сонымен қатар, мектеп директоры, психолог маман және жоғарғы сыныптың оқушыларымен бірге әкелер қауымы да қатысып, тиісті пайдаларын алды.

 Батыр имам бір сөзінде: «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды. Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке - асқар тау» деп бекер айтылмаған. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек. Әкені ардақтау - әркімнің міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады. «Әке көрген оқ жонар». Бұл да әкеге байланысты ардақты айтылған сөз,- деп қоса кетті.

Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: