#Т.Рысқұлов: Ұлттық дәстүр ұлықталды

#Т.Рысқұлов: Ұлттық дәстүр ұлықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжаппар ауылдық орта мектебінде жас жеткіншектердің арасында ұлттық спортымыз қол күрестен жарыс өтті. Ұлттық жарысқа «Әбдіжаппар» ауылдық мешітінің имамы Киікбаев Ғалымжан арнайы барып, іс-шарада қазылық етті. Қол күрес жарысына 2 салмақ бойынша 18 жас қатысушы қатысып, өнер көрсетті.

Жарыс жеңімпаздарына медаль, алғыс хат және ақшалай сыйлықтар табысталды. Бұндай дәстүрлі ойындардың ұлт боп қалыптасуымыз жолында көбірек керек екендігін байқаймыз. Қазіргі ғаламтор дамыған заманда осындай жарыстардың қажеттілігі артуда. Соның негізінде, жасөспірімдерді ұлттық спортқа ынталандыру мен шұғылдандыруға қызықтыру басты мақсат болатын.

Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: