#Меркі ауданы: «Тазалық – иманның жартысы»

#Меркі ауданы: «Тазалық – иманның жартысы»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Исламда тазалыққа аса мән берілген. Осы орайда, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының бастауымен аудандық мешіттің айналасы тазартылып, сенбілік ұйымдастырылды.

«Мешіт айналасы таза, көркем, әдемі болуы тиіс. Біз мешіт маңының  тазалығын басты назарда ұстаймыз. Тазалық жұмыстары үздіксіз жүріліп тұратын болады», - деді бас имам.

Мешіт ауласын тазалау үшін, уақыт тауып келген, жүректері иманға толы жандарға Алла Тағала екі дүние жақсылығын нәсіп етсін дегіміз келеді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: