#Тараз: «Асым ата» мешітінде ахлақ дәрісі жүрізілуде

#Тараз: «Асым ата» мешітінде ахлақ дәрісі жүрізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында Тараз қаласы «Асым ата» мешітінің имамы Абдуахид Хадиметов шам намазынан кейін жамағатқа дәріс өтті. Қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу ежелден бар қасиет.

Қазақта сұлтан, батырлармен қатар барлық жасы үлкен, қартайған ер азаматтардың бәрі, кім екеніне, қандай тектен шыққанына қарамай, ерекше сый-құрметке бөленген. Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.ғ.с.): «Кіші үлкенге сәлем беру керек», - деген. (Бұхари)

Пайғамбар (с.ғ.с.) үмбетіне айтқан өсиеттерінде үлкендерді сыйлап, жастарға мейірімді болуды тапсырған. Ибн Аббастан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.ғ.с.): «Кішілерімізге мейірімді болмаған, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген адам бізден емес», - дейді.

"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: