#Шу: Тероризм - ғасыр дерті

#Шу: Тероризм - ғасыр дерті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түр­лері және көрініс­тері­мен, ауқымы және қарқын­дылы­ғымен, зұлымдығы және қані­шер­лігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды. Ислам – ақиқат дін. Бабаларымыз ұстанған бірегей жол. Алайда, асыл дініміздің ұстанымдары мен қағидаттарын дұрыс түсіне алмай жүргендер бар? Мұндай сауатсыздыққа біздің халық қайдан кезікті?

Осы сынды сан сауалдың түйінін тарқату мақсатында А.Байтұрсынов атындағы Шу қалалық гимназиясында Шу ауданы АТТ-ның мүшесі, "Әбу Бәкір ас-Сыддық" мешітінің имамы Бақыт Нұрлыхановпен кездес жасалды. 

Білікті имам мектеп оқушыларымен және ұстаздарымен сұқбаттасып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Имам өз сөзінде: "Бүгінде біз көп жағдайда дін исламды бағалаған уақытта оның негізгі мазмұнын құрайтын ішкі құндылықтарына емес, керісінше, өзін мұсылман етіп көрсеткен немесе «мен мұсылманмын» деген адамның бойына қарап баға беріп жатамыз. Исламды бұлай түсіну, оған жеңіл баға беру – мүлдем қате. Себебі, ол адамның бойында жалпы адамға тән кемшілік болуы мүмкін немесе ол діни сауаты аз, яки дінді жамылып, өзінің жеке мүддесін көздеп әрекет ететін белгілі топ, жамағат. Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде, әрине, күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат кұралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Зкстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде «дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отыруымыз керек" - деп атап өтті.

Тура жолдан тайдырып, адастырушы ағымдармен күресте ең алдымен діни сауаттылықты арттыру, жастар арасында дәстүрлі дініміздің асыл қасиеттерін кеңі­нен насихаттау маңызды. Хақ дін Ислам халықаралық қақтығыстарды және терроризімді айыптайды. Ислам деген сөздің мағынасы бейбітшілдік, амандық деген мағынаны білдіреді. Сол себепті адамдарға зиян тигізу ислам дінінде қатан тыйым салынған. Пайғамбарымыз (с.а.у) хадисінде «Мұсылманға үш нәрсе тыйым салынған: Біреудің қаны, малы, абыройы харам етілген. Сол себепті мұсылман адамға біреудің қанын төгу ислам дінінде қатан түрде тыйым салынған".

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: