#Шу мешіттерінде сенбілік өтті

#Шу мешіттерінде сенбілік өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу өңірінің мешіттері жаппай сенбілік жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ, Шу ауданының орталығында орналасқан, әсемдігі күнмен таласқан "Төле би" мешітінде іші-сыртына тазалық жасалды. 

Сенбілікке қатысқан жамағатқа аталмыш мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлы шара соңында батасын берді. Сонымен қатар "Алла қаласа 300 түп карликовый алма ағашын отырғызамыз" - деп атап өтті Талғат имам.

Мұндай игі сенбілік жұмыстары Шу ауданы Жайсан ауылы "Жаңабай баба" мешітінің молдасы Сисенов Қыдырбектің ұйытқы болуымен, Шу қаласы "Тоғай" мешітінің имамы Жанат Сағитовтың мұрындық болуымен ұйымдастырылды. Мешіт имамдары тазалыққа атсалысқан көпшілікке алғыс білдірді.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: