#Т.Рысқұлов: Діни экстремизм дегеніміз не?

#Т.Рысқұлов: Діни экстремизм дегеніміз не?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжаппар ауылдық мәдениет үйінің кітапханасында «Әбдіжаппар» мешітінің имамы Киікбаев Ғалымжан  «Діни экстремизм дегеніміз не?» тақырыбында насихат жасады. Ақпараттық іс-шараға кітапхана қызметкерлері мен мәдениет үйінің қызметкерлері қатысып, кейбір кісілер өз сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын естіді.

Ауыл имамы насихатында: «Діни экстремизм – діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. Экстремизмнің зорлықпен, агрессиямен және шектен шыққан қаталдықпен сипатталатын белгілері көп. Экстремизмнің кең мағынасындағы ұғымы – мемлекеттік құрылысты күштеп өзгерту немесе билікті басып алу, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған діни мотивацияланған әрекет және осы мақсатта діни алауыздық пен өшпенділікті қоздыру», - деп баяндады.

Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: