#Шу: Аудандық мешітте уағыз дастарханы жайылды

#Шу: Аудандық мешітте уағыз дастарханы жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Жәми" мешітінде кезекті рухани уағыз тыңдап, дастархан басында көпшіліктің басын қосқан игі жиын жасалды. 

Ауданның бас имамы Бахтияр Амиреев "Пайғамбар сүннеті" жайлы келілі ой, кесімді сөз айтылған көркем насихатты жамағаттың көкейіне жеткізіп, сауалдарына жауап берді. 

Ал аталған мешіттің наиб имамы Мағжан Мұратұлы "Кәусар" сүресінің хикметі мен тәпсіріне тоқталды. Әр аятының мән-мағынасын түсіндіріп, айшықтап айтты. Мұндай игі жиындар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: