#Байзақ: РАНТ мүшесі Байзақ ауданында

#Байзақ: РАНТ мүшесі Байзақ ауданында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлының ұйымдастыруымен Байзақ ауданы Көкбастау ауылы «Қалмұрат баба» мешітінің жамағаты республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Ғазиз Ахмет Нұртайұлымен кездесті.

   Кездесуде Ғазиз Ахмет Нұртайұлы «Мұсылманның мұсылман алдындағы ақысы»  жайында уағыз-насихат айтты.

    «Мұсылман адам бір-біріне мейрімді, қамқор болуы керек. Сол қамқорлықты сезіну арқылы адам баласы бақытқа бөленетіні ақиқат.

       Мұсылманның мұсылман алдындағы ақысы – алтау. Олар – сәлем берілгенде жауап қайтару, ақыл-кеңес сұраса, ақыл айту, түшкірсе және Аллаға шүкір деп айтса, жауап қайтару, шақырған жеріне бару, ауырып қалса, жағдайын сұрап бару және қайтыс болса жаназасына қатысу», - деді Ғазиз Ахмет Нұртайұлы.

       Сондай-ақ РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет Нұртайұлы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің жамағатымен де кездесіп «сөз сөйлеудің әдебі» жайында уағыз-насихат айтты.

       Насихат барысында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір баянынан, хадистерінен және ғалым-ғұламалардың сөздерінен мысалдар келтірілді.

      Ауданымызға қарасты алыс-жақын ауылдардан арнайы Ғазиз Ахмет ұстаздың уағызын тыңдауға келген жамаған кездесу соныңда өз сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алып жатты.

 Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: