#Тараз: 400 адамға азық-түлік таратылды

#Тараз: 400 адамға азық-түлік таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әркезде табылады.

Осы орайда Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің атынан көптеген бауырларымыз себепші болып, жақсылық жасаудан еш аянбады. Айтарлықтай, 400 адамға құны 8 000 000 млн теңгені құрайтын азық-түлік таратылды.  Алла Тағала  «Жақсылық жасауда өзара жарысыңдар» («Бақара» сүресі, 148-аят), деу арқылы ізгі бастамада өзара жарысуға ұмтылдырды.

Қоғамда әділдік пен теңдік, өзара сыйластық пен мейірімділік үстемдік етіп, ізгілік орнау үшін Рақымды Алла Өзі нәсіп еткен байлықтың бір бөлігін мұқтаж жандарға таратып беру үшін зекетті парыз етті.

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: