Облыстық мешітке жаңа ұстаз тағайындалды

Облыстық мешітке жаңа ұстаз тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Жамбыл облыстық орталық "Һибатулла Тарази" мешітіне жаңа ұстаз тағайындалды. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев көпшілік алдында ұстаз Есет Таласбаевты таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқыды. 

Ұстаз Есет Тұрдыбайұлы 2011-2015 жылдары «Исламтану» мамандығы бойынша бакалавриат, Исламтану факультеті, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде білім алған, 2017-2021 жылы «Ханафи фиқһы» мамандығы бойыншы бакалавриат, Иордания Һашимиттік Корольдігі Амман қаласындағы Әлемдік Ислам ғылымдары университеті Ханафи фиқһы факультетінде оқыған, сонымен қатар 2021 жылдан бері «Исламтану» мамандығы бойынша магистратурада Философия және саясаттану факультеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алуда. 

Маман Ақмола облысы, Бурабай ауданы, "Мәдениет" ауылдық мешітіне ұстаз, Тараз қалалық «Әулие ата» мешітіне ұстаз болып қызмет артқарған.

Бейбіт Әліпбекұлы маманға берекелі, жемісті қызмет тіледі. Ал мешіт ақсақалдары батасын берді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (5)

Оқи отырыңыз: