#БАЙЗАҚ ИМАМДАРЫ БАС ҚОСТЫ

#БАЙЗАҚ ИМАМДАРЫ БАС ҚОСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің жаңадан тағайындалған бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы ауыл имам-молдаларымен алғашқы жиналысын өткізді.

Жиналысқа Байзақ ауданына қарасты ауыл имамдары келіп қатысты. Сондай-ақ, жиынға осы уақытқа дейін ауданның бас имамы қызметін атқарып келген Азизов Рамиз қажы да қатысты. Ол өз сөзінде аудан бас имамының жұмысына сәттілік тіледі.

Бас имам Қанат Әділханұлы ауыл имамдарын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған жаңа бес бағытпен таныстырды. Биылғы жыл ҚМДБ тарапынан «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жарияланғандықтан дін қызметкерлері осы бес бағыт бойынша қызмет атқаратын болады.  

 Атап айтар болсақ, олар «Дін мен дәстүр», «Ихсан және насихат», «Ізгі қоғам», «Діни оңалту» және «Діни оқу-ағарту» бағыттары.

Сондай-ақ, бас имам Тараз қаласында қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, Байзақ ауданына қарасты ауыл мешіттерін бес аймаққа бөліп, оған кураторлар бекітті. Бұл өз кезегінде шалғайда жатқан ауыл мешіттерінінің жұмыстарын жандандыру үшін өте маңызды шешім.

Бас имам ауыл имамдарын «Бесін-ақшам» уағыздарын жандандыру, онлайн насихатты күшейту, әлеуметтік желідегі сұрақ-жауап тобында белсенділік таныту, алдағы Рамазан айында бекітілген іс-шараларды уақытында орындап есебін беріп отыру керектігін айтып өтті.

Осы айтылған тапсырмалар слайд күйінде ауыл имам-молдаларына  көрсетіліп, есеп үлгілері таныстырылды.

 «Байзақ баба» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: