#Шу: Алланың құлы болған, адамдардың мырзасы болады

#Шу: Алланың құлы болған, адамдардың мырзасы болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам баласы өмірге келгеннен кейін, ең бірінші міндеті бұл өмірді адам болып сүруі. Адамның сансыз жаратылыстар ішінде ерекше жаратылыс екеніне еш дау жоқ. Демек, бұл ерекше болған жаратылыстың өмір сүру жолы да ерекше болуы керек. Құранда Жаратқан: «Біз адам баласын құрметті еттік, құрлық пен суда оны алып жүрдік, оған жақсы нәрселерді ризық еттік және оны көп жаратылысымыздан артық көрдік» («Исра» сүресі, 70-аят) деп айтады.

Адам баласы қанша ұлы болғанымен, Жаратқан алдында ол – құл, бағынушы, әмірінен шықпайтын бір орындаушы ғана. Ия, бір Жаратқанның ғана құлы, басқаның емес. Адам осы бір дүниені түсінгенде, амал еткенде өмірі түзеледі. 

Шу ауданыдық "Жәми" мешітінің наиб имам Мағжан Мұратұлы осы тұрғысында "Төле би" мешітінде құптан намазының алдын өткен насихатында уағыз айтты. "Құдайға құл болу" тақырыбындағы насихат көпшілікке терең ой салды. 

Уағызды ұйып тыңдаған жамағат өздерін толғандырған сауалдарға да жауап алды. 

 Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: