#Шулықтар Түркия мемлекетіне 44 300 тонна көмек жөнелтті

#Шулықтар Түркия мемлекетіне 44 300 тонна көмек жөнелтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркия және Сирия мемлекетінде болған зілзала талайлаған адамдарды жердің құшағында қалдырды, талайлаған баланы жетім етті. Қалалардың көпшілік тұрғындарды барынан айырылды. Осындай қаралы күнде бауырлас қазақ мемлекетінен де көмектер жеткізіліп жатыр.

Игі іске Шу ауданының тұрғындарыда барын салып, шын жүректен көмектерін арқалап, 2 үлкен жүк көлігіне (фура) тиеді. Дін мамандарының ұйытқы болуымен барлық қала, ауыл тұрғындарының атсалысуымен қыстық жаңа киімдер, аяқ киімдер, азық-түлік, жөргек, шаруашылық заттар, балалар тағамы, сүлгі сынды қажеттіліктерді толтырды. Бір ауданның өзінен жиналған көмек  44 300 тоннаны құрады. 

Сонымен қатар 9 231 989 теңге мен 500 доллар Түркия елшілігіне аударылды. Елшілік Шу ауданына алғыс білдіріп, арнайы хат жіберді. 

 Сындарлы сәтте мұсылмандығын көрсете білген барша тұрғындарға имамдар Алла разылығын тілеп, бауырлас мемлекеттер үшін дұға жасап, жүк көлігін сапарға шығарып салды. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: