#Шу: Отанды сүю - пайғамбар сүннеті

#Шу: Отанды сүю - пайғамбар сүннеті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Отан – деген қасиетті ұғымның әрбір қазақ халқының жүрегіне жылулық ұялататыны ақиқат. Туған елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік − әрбір жан үшін аса киелі ұғым, ыстық сезім. Отан дегеніміз туып-өскен отбасымыз, ата-анамыз, ауасын жұтып, суын ішіп жүрген, кең-байтақ атамекеніміз. Әрбір қазақ үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат байлық жоқ екені сөзсіз.

Осыған орай, Балуан Шолақ ауылынның мәдениет үйінде "Отанды сүю - иманнан басталады" тақырыбында рухани кездесу өтті.

Шараға "Қойайдар" мешітінің имамы Аян Байтұрғанұлы арнайы барып, оманға деген махаббат турасында шариғат тарапынан насихат айтып, ауыл жастары мен мәдениет үйінің қызметкерлеріне ғибратқа толы үгітін жеткізді. 

Көпшілік көкейкесті сауалдарын қойып, өздерін мазалаған түрлі сұрақтарға жауаптар алды.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: