#Шу: Мешітте 15 жыл қызмет еткен азаншыға Ұмра қажылығына жолдама берілді

#Шу: Мешітте 15 жыл қызмет еткен азаншыға Ұмра қажылығына жолдама берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы "Төле би" мешітінде көңілді қуантқан қызықты оқиға орын алды. Жаны жомарт демеушілер аталған мешітте 15 жыл қызмет етіп келе жатқан мешіт азаншысы Иброгим Жалалиев пен жұбайы Халида Жалалиеваны ұмра қажылығы жібермек. 

Жолдаманы мешіт имамы Талғат Кәрібайұлы азаншыға табыстап, қабыл болатын қажылық тілеп, қуанышын жеткізді. Сонымен қатар имам демеуші болған жандарға алғысын білдіріп, дұға жасады. 

Жұбайымен қажылыққа аттанып, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жүріп өткен қасиетті жерлерге баратынына қуанған Иброгим имам алғысын жеткізіп, көңілі жұбанды.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: