#Талас: Қалалық Құран сайысы өтті

#Талас: Қалалық Құран сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қаратау қаласы "Әбдірашит ата" мешіті ұжымының ұйымдастыруымен және "Қаратау Қайырымдылық Қорының" атсалысуымен "Жүнісбекұлы Әбдірашит" атамызды еске алуға арналған қалалық Құран жарысы өтті.

"Әбдірашит ата" мешітінің имамынан бөлек, Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің наиб имамы Ұзақов Азамат пен "Әбдібай ата" мешітінің имамы Омар Асқарбек осы игі іске төрелік етті. Аталмыш шарада бас - аяғы 20 шәкірт қатысып, жүлделі орын алғандарға бағалы сыйлықтар табысталды. Бірінші орынға мақтау қағазы мен қаржылай 30.000 теңге, екінші орынға 20.000. Үшінші орынға 10.000 теңге қаржылай сыйлық берілді. Бірінші және екінші орынды "Әбдірашит ата" мешітінің шәкірттері Сайдуллаев Нұрлан мен Игенбекұлы Нұрислам иеленсе, жүлделі үшінші орынды Талас аудандық "Сауат ашу" курсының түлегі Жақсыбек Ақылжан иемденді. Жүлделі орындардан бөлек, барлық қатысушы шәкірттерді имам Ахат Қайыпбергенұлы мақтау қағазымен құттықтап, ынталандыру сыйлығы ретінде 5000 теңге қаржылай сыйлық табыстады. Өз кезегінде, Жүнісбекұлы Әбдірашит атамыздың ұлы Дәулет ағамыз қайырлы жиынның қадірлі қонағы болып, сөз сөйледі. Осы үрдісті тоқтатпай жалғастыруды ұсынып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Жүлделі орын алған 3 шәкіртке өз атынан ерекше жайнамазды тарту етті. Іс шараның соңында Құран оқылып, Жүнісбекұлы Әбдірашит атамызға бағышталды. Кәлелі жиын біткен соң, имам Ахат Қайыпбергенұлы барлық қатысушы шәкірттер мен қонақтарды асханада арнайы дайындалған дастарханға шақырды. Дәм үстінде Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің наиб имамы Ұзақов Азамат пен "Әбдібай ата" мешітінің имамы Омар Асқарбек салмақты уағыздарын айтып, Қасиетті Құранды насихаттауда осындай жиындардың маңыздылығына ерекше тоқталды. Жиын соңында мешіт ақсақалы бата беріп, аруақтарға Құран бағышталды.

"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: