Шариғат және пәтуә бойынша семинар жасалды

Шариғат және пәтуә бойынша семинар жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сарысу аудандық мешітінде шариғат және пәтуә беруге қатысты дін мамандарына арналған семинар өтті. 

Шарада "Шариғат және пәтуә" бөліміне жауапты "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің ұстазы Нұрсұлтан Зұлпыкаров баяндама жасады. 

Ислам дінінің қазақ даласына келгеніне он екі ғасырдан аса уақыт өтті. Уақыт өте келе мұсылмандар саны көбейе түсті, жаңа мәселелер пайда бола бастады. Шынында да, өмір мен тіршілік үнемі өзгеріп, өркендеп, жаңарып, дамып тұрады. Мұндай жағдайда, ғалымдар өз білімдеріне сүйеніп, шариғат шеңберінде ол мәселелерді шешіп отырады. Қашанда біздің халқымыз ұзақ уақыттан бері иләһи дінге амал етіп, ал білмегенін өздерінің ғалымдарынан сұрап біліп келген. Пәтуә - үлкен жауапкершілік. Осыған орай аудандағы жамағаттың сауалына жауап беретін имамдардың білімі пысықталды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: