#Жамбыл: Жеті рухани қазық тұғырнамасын насихаттады

#Жамбыл: Жеті рухани қазық тұғырнамасын насихаттады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Қызылдихан ауылында «Махат ата» мешітінің имамы Чалиев Ескендір мешітке келген жамағатқа «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасын насихаттады.

Жамағатпен жүздесуде ауыл имамы тұғырнама мұсылманның тұлабойында табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты қамтитынын айтты. Атап айтқанда, имандылық, отаншыл болу, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципін ұстану.

Бұл – адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті рухани қазық екендігін түсіндірген имам, жамағатты аталған қасиеттерді ұстануға шақырды.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: