#Жамбыл: Жақсымен жолдас болу – жанның шипасы

#Жамбыл: Жақсымен жолдас болу – жанның шипасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Қызылдихан ауылы «Махат ата» мешітінің имамы Ескендір Чалиев  бесін намазына келген жамағатқа «жақсы жолдас болу» турасында кеңінен уағыз айтты.

Жеке тұлғаның мінез-құлқының қалыптасуында достықтың әсері өте үлкен. Адам баласы досының бойындағы қасиеттерді өз бойына да сіңіреді. Кез-келген адам қоғамда өмір сүретіндіктен, айналасында достары мен қимас жандары болатыны – табиғи жағдай.

Досы жаман адамның мінезі де, өзі де бұзыла бастайды. Уақыт өте келе өзі сезбеген күйде досының мінез-құлқын бойына сіңіріп отырады. Нәтижесінде қимас досымен бірге құрдымға кеткенін байқамай да қалады. Сондықтан, жақсы жолдас болудың маңыздылығы өте жоғары.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: