#Жамбыл: Мешіт – мейірімділік мекені

#Жамбыл: Мешіт – мейірімділік мекені

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мешітке келген жамағатқа құлшылық үйі – «мешіт» турасында кеңінен уағыз айтты. Мешіт – Алланың үйі. Адамзат баласының рухани тұрғыдан дамуы мен пенденің тұлабойына адамгершілік құндылықтарды ұялатуда мешіттің орны қашан да маңызды.

Қазақ топырағында бой көтерген мешіттердің тәлім мен тағылымның, білім мен ғылымның рухани ордасына айналғаны – осының айғағы екендігін айтқан аудан имамы мешіт салудың да қандай сауап екендігін жамағатқа түсіндірді. Иә, мешіт салу – жүрегі Алла деп соғатын, Алла дегенде, өзге істі бір шетке ысырып қоятын, Алла бұйырған намаз, зекет секілді құлшылықтарды ерекше тебіреніспен, яғни жауапкершілікпен іске асыратын, дүние салғаннан кейінгі мәңгі өмірдің табысты, жемісті және жеңісті болуы мына өмірде жасаған ізгі амалдармен байланысты екеніне толық сенетін жанның шын көңілінен шығатын рақымды іс.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: